2025 жылғы 3 шілдеде Халықаралық инженерлік-технологиялық университетінің бітіруші түлектеріне диплом табыстау салтанаты өтті. Іс-шара Бақшасарайда ұйымдастырылды.
Салтанатты кешке университет басшылығы, оқытушылар, ата-аналар мен түлектер қатысты. Биыл «Бағдарламалық инженерия» кафедрасы бойынша 140 студент оқуын табысты аяқтап, диплом алды. Рәсім барысында жылы тілектер айтылып, үздік түлектер арнайы марапатталды.
Университет әкімшілігі жас мамандарға кәсіби жолында сәттілік пен табыс тіледі.