МETU Huawei компаниясының ICT Competition Roadshow 2025-2026 жобасына арналған іс-шарасы өтті.
Кездесуде КБТУ-дың Huawei ICT Academies қолдау орталығының өкілі Темирлан Жақсылықов сөз сөйлеп, Roadshow мақсаттарын, конкурс кезеңдерін және негізгі бағыттарды — бұлттық технологиялар, киберқауіпсіздік, желілік шешімдер мен жасанды интеллектті түсіндірді.
МETU студенттері үшін бұл шара халықаралық бастама туралы көбірек білуге және жаһандық жарыстарға қатысу мүмкіндіктерін зерттеуге тамаша мүмкіндік болды. Кездесу соңында Huawei қатысушыларға брендтік мерч тарту етті.