19-29 қазан 2021 жыл Алматы қаласында Қазақстан Республикасының VI Спартакиадасы өтті. Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің «Радиотехника электроника және телекоммуникация» білім беру бағдарламасының 4-курс студенті Оңайбай Мейіржан 2 категория бойынша жеңімпаз атанды. Ол жеңіл атлетика бойынша 200 метрге жүгіруден 3-орын, ұзындыққа секіруден 2-орынға ие болды. Құттықтаймыз! Жеңісті күндеріңіз көп болсын!