Главная Новости Шағын фуболдан «Ректор кубогі» үшін турнир өтті
01 қазан 2021                  318960
Шағын фуболдан «Ректор кубогі» үшін турнир өтті

Салауатты өмір салтын берік  ұстанған ҚазИТУ студенттері мен оқытушыларының қатысуымен «Ұстаздар күні» мерекесі қарсаңында  шағын футболдан дәстүрлі турнир өтті. Турнирге университет және колледж студенттері мен оқытушыларынан құралған  6 команда қатысты. Тартысты өткен турнирді Жастар саясаты департаменті ұйымдастырып, ұтымды да ұтқыр ойын өрнегін көрсеткен командаларды марапаттады.

 Сонымен, ойын нәтижесі төмендегідей көрсеткіштерді көрсетті: жүлделі І орынды «ҚазИТУ оқытушылары»  командасы, команда капитаны Ибраев Қайрат Рамазанұлы - дене шынықтыру пәнінің оқытушысы, ІІ орынды «КДМ» командасы, команда капитаны «Автоматтандару және басқару» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Керей Жандарбек,  ІІІ орынды  ҚазИТУ колледжініңмқұрама командасы иеленді.  Сонымен қатар,  «Үздік ойыншы» Ибраев Қайрат Рамазанұлы атанса, жарыстың «Үздік қақпашысы» 1-курс студенті Базархан Қонысбек болды.

Турнир соңында жарыс жүлдегерлері мақтау қағазымен және кубокпен марапатталды.

Жеңімпаздарды құттықтап, жеңістің жалауын желбірете берулерін тілейміз!