Главная Новости Autumn ball -2021
13 қазан 2021                  318865
Autumn ball -2021

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде дәстүрлі «Autumn ball» байқауы өтті. Байқауға 1-3 курс студенттері қатысты. Байқау шарттары бойынша 3 жұп қатысып, күз ханзадасы мен күз ханшайымы атану үшін өзара сайысқа түсті.Байқау 3-кезең бойынша өтті.  Олар, 1-кезең Таныстыру, 2-кезең – Өнер сайысы, 3-кезең –Selfie. Қатысушылар өз өнерлерін жоғары деңгейде көрсетті. Байқауға Жастар саясаты департаментінің маманы М.Батай, Студенттер үйінің меңгерушісі Г. Боранқұлова және Жастар комитетінің белсенді студенті әділ –қазы болды.
3-кезең бойынша үздік өнер көрсеткен «Есептек техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» білім беру бағдарламасының 2-курс студенті Абдуллаева Гүлім мен «Технологиялық машиналар мен жабдықтар» білім беру бағдарламасының 1-курс студенті Темірхан Айсұлтан «Mister and miss autumn» титулын жеңіп алды. Жеңімпаздар арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара студенттерге тамаша көңіл-күй сыйлады. Осылайша, әдемі вальспен басталған күзгі мереке көңілді би кешімен аяқталды.