Главная Новости Тәлімгерлер күні
14 қазан 2021                  318868
Тәлімгерлер күні

18 қазан 20201 жыл сағат 15.00-де Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Тәлімгерлер институты өз жұмысын бастайды. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа жолдауында «Басты міндет – жалпы адамзатқа ортақ қастерлі құндылықтарды жастардың бойына сіңіру» деп атады. Бұл міндет жастармен тікелей жұмыс істеп отырған жоғары оқу орындарына үлкен жауапкерлішік жүктейді. Осы орайда ҚазИТУ Тәлімгерлер институтын жүзеге асырады.

Бұл жоба барысында университетте қызмет етіп жүрген қызметкерлер, оқытушы-профессорлар өздерінің өмірлік тәжірибелерімен алмасады. Мәселен, ас дайындау, спортпен шұғылдану, семіздіктен құтылу, дұрыс тамақтану сияқты қарапайым да өзекті тақырыптар айтылады.

Тәлімгерлер институты жұмсақ дағдыларға, жалпыадамзаттық құндылықтарға бастайтын ұлттық құндылықтарды дәріптеу негізінде тәлімгерлердің өткен өмір жолы арқылы ақыл-кеңес, ашық сұхбаттасу алаңында өтеді.