Главная Новости КТА лигасының алғашқы ойыны өтті.
18 қазан 2021                  318908
КТА лигасының алғашқы ойыны өтті.

Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде «көңілді тапқырлар алаңы» лигасы алғашқы ойыны өтті.  КТА лигасы - бұл студенттердің шығармашылық, креативті ойлауын дамыту және олардың тиімді бос уақытын ұйымдастыру болып табылатын әзіл-оспақ мазмұнының оқудан тыс жобасы.  Студенттер арасында кта лигасына қызығушылығы мен қабілеті бар студенттер көп болды. Лиганың алғашқы тұсаукесер ойынына 3 команда қатысып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Олар «Болашақ», «Арпа ішінде 1 бидай», «Шучу» командалары. Алғашқы кезең «Сәлемдесуде» командалар өздерін таныстырса, 2-кезең «Сұрақ-жауап» болып, көрермендер сұрақтарына қатысушы командалар әзіл түрінде жауап берді. Сайыс соңында командалар белсенді қатысқаны үшін марапатталды. КТА лигасының координаторы 2-курс студенті Совет Данияр басқа да студенттерді құрама қатарына қосылып, келесі турнирлерге қатысуға шақырды.