Главная Новости Түрген сарқырамасына саяхат
23 қазан 2021                  318948
Түрген сарқырамасына саяхат

Түрген сарқырамаларын және оларды қоршаған көркем табиғатты кез келген Алматы тұрғыны біле тұрғанымен, орналасуының қолайсыздығына байланысты әркім бұл сарқырмаларға саяхат жасай бермейді. Қазақтың бар жері қасиетті, киелі. Туған жер əрбір адам үшін қастерлі қазына болып қала береді. Өйткені кіндігіміз жермен байланған. 

Баршаға белгілі, Елбасы өзінің «Мəңгілік ел» идеясында ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, тарих пен мəдениет, тілдің біртұтастығы мемлекеттегі тұрақтылықтың кепілі бола алатындығын атап көрсеткен. Осы орайда жастарға тарих пен мəдениетті таныту мақсатында жоғары оқу орындарында əр түрлі шаралар өткізу жоспарланған. Соның бірі – табиғат аясына шығу. Қазақ жері табиғаты тамылжыған, тарихы терең өлкелерге өте бай. Түрген сарқырамасы – Іле-Алатау ұлттық саябақтың құрамындағы сұлу шатқал. Түрген шатқалы – тек демалуға ғана емес, емделуге де өте қолайлы жер.

Қазақстан  инженерлік-технологиялық университетінің оқытушылары мен студенттері және колледж оқытушылары, студенттері осы идеяны іске асыру мақсатында Түрген сарқырамасына саяхат жасап қайтты. Студенттер таудың табиғатына тамсанып, таза ауада серуендеп, естелік үшін суретке түсті. Бұл Аюлы сарқырамасын жұрт кейде «Махаббат сарқырамасы» деп те атайтынын біліп қайтты. Студенттер табиғат аясындағы демалысынан үлкен əсер алды. Жастар биік-биік төбелерге шығып, «Қазақ емес, нағыз қазақ – домбыра» деп Қадыр Мырза Әлі айтқандай, қазақтың қара домбырасымен күмбірлетіп күй тартып, қосыла ән салып көңілді демалыс ұйымдастырды.