Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры "Робототехника және бағдарламалау " семинары өтті
26 қазан 2021                  318910
"Робототехника және бағдарламалау " семинары өтті

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің  ВТАиТ кафедрасының оқытушысы Бектемесов Аманжол Тохтямович оқытушылар мен студенттер арасында «Робототехника және бағдарламалау» тақырыбында семинар өтті.

Қазіргі таңда Ақпараттық коммуникациялық технологиялар күннен-күнге дамуда. Заман талабына сай жаңартылған програмаларға жаңаша көзқараспен қарай отырып, ілесу қажет. Семинар барысында робототехниканың маңызы зор екендігін, барлық салаларда қолдануға болатындығын, сонымен қатар студенттердің қызығушылығын оята отырып облыстық, республикалық олимпиадаларға қатыстыруға болатындығын түсіндірді. Робототехниканың негізгі мақсаты студенттерді қызықтыра отырып, роботтар құрастыру.

«Робототехника дегеніміз – бірнеше пәннің үйлесімін табуы. Құлтемірді жасаған кезде алдымен бағдарламасын жазады. Бағдарлама жасау барысында міндетті түрде математика, информатика, физика, геометрия пәндерімен байланыстырамыз. Мәселен, олар математика пәнінен бір формула үйреніп келетін болса, үйірмеде сол формуланы пайдалана отырып, өздері тәжірибе жүзінде шыңдайды. Физикалық есеп арқылы роботты, оның қимылын жасайды. Робот жасау арқылы балалардың ойлау қабілеті дамиды, бағдарлама жасап үйренеді» - деп түсіндірді.

Сол себепті, бүгінгі таңда білім беру ұйымдарында төртінші өнеркәсіптік революцияның элементтерін: автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллекті ендіру дамудың негізгі факторы ретінде қарастырылуда.