Главная Новости ҚазИТУ-да ашық есік күні өтті
5 қараша 2021 жыл                  319001
ҚазИТУ-да ашық есік күні өтті

4 қарашада Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінде дәстүрлі Ашық есік күні өтті. Шараның негізгі мақсаты – студенттер мен  олардың ата- аналарын университеттің тарихымен, кафедралармен және мамандықтармен таныстыру. Университеттің білім сапасы мен тәртібі жайлы толық ақпарат беру.

Шара барысында болашақ талапкерлермен университеттің академиялық жұмыс жөніндегі проректоры Ақпанбетов Дархан Берікұлы кездесіп, университеттегі мамандықтар туралы кеңінен баяндады. Студенттердің сауалдарына егжей- тегжейлі жауап берді.

Сонымен қатар Ашық есік күні барысында Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының меңгерушісі Бектемесов Аманжол Тохтямович және  Жабдықтар технологиясы және стандарттау кафедрасының меңгерушісі Отыншиева Ажар Муратовна қатысып, студенттерге жалпы білім беру бағыты мен сапасы жайлы мағұлмат жеткізді. Университеттегі ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Қазыбаева Сәуле Жамбылқызы қонақтарды университеттің материалдық-техникалық базасымен таныстырып, инженерлік-техникалық мамандықтардың қыр-сыры жайында және оқу практикасынан өту туралы толық ақпарат айтты.

Қонақтар арасында ҚазИТУ- ға оқуға түсуге ниет білдірген әртүрлі мектеп түлектері , сондай-ақ Павлодар қаласындағы қазақ-түрік лицейінің болашақ түлектері болды.