Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Менің мамандығым» тақырыбында олимпиада өтті
15 қараша 2021                  318945
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында «Менің мамандығым» тақырыбында олимпиада өтті

        9-12 қараша аралығында  «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында КазИТУ-дың   Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасында қазақ тілі пәнінен «Менің мамандығым» тақырыбында эссе жазудан 1 курс орыс бөлімі студенттері арасында олимпиада өтті. Комиссия мүшелері қатарын Абдисулейменова Раиса Шоғанбекқызы, Абилова Римма Дунесовна, Нұртазаева Алима Берікқкаревна, Ултарақова Зәурегул Раушановна құрады.                                                             Олимпиадаға барлық білім беру бағдарламасында оқитын студенттердің 30-ға жуық жұмысынан үздік деген 10 эссе іріктеліп алынды. Соңғы іріктеу нәтижесінде комиссия шешімімен 1,2,3 орын жеңімпаздары анықталды. Олар: "Радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандығының 1 курс студенті Мякушин Владислав 1-орын, 2- орын "Инженерлік бағдарлама" мамандығының 1 курс студенті Ченгелиди Артур, 3- орын Қожахметова Амина. Ал Е.Щукин , Г.Попышева ,  Ж .Жусупжанова , Қ.Нуридин , М.Дастанов ,  Ю.Абдрахманов , Р.Каримджанов , Ж. Жапарова студенттерге эссе жазу олипиадасына қатысып, белсенділік көрсеткендері үшін алғыс білдірілді. Жүлделі орын алғандар КазИТУ-дың арнайы дипломымен марапатталды.