Главная Новости Зертханалық сабақ жүргізілді
15 қараша 2021                  318980
Зертханалық сабақ жүргізілді

КазИТУ колледжінің  Тамақ өнімдерін өндіру технологиясы мамандығы бойынша 4-курс студенттері  тәжірибелік, зертханалық сабақтарын жүргізді. Біздің білім алушыларымыз өндірістік цехта өздерінің теориялық білімдерін жетілдіреді. Студенттеріміз тәжірибе өткенде тамақ дайындаудың  толық технологиялық сұлбасын  үйренеді, білімдерін шыңдайды, қалаған жерін қағазға түсіріп алады.  Олар тәжірибе ретінде үйреніп қана қоймай, үйренгендерін ғылыми жұмыстарына пайдаланып, болашақта қолданады.

Адамның тамақтануы денсаулығына тікелей әсер ететіні белгілі. Сол себепті студенттер осы бағытта ізденіп, пайдалы тамақ өнімдерін шығарады. Сондай-ақ зетрханада  жасалған өнімдері университет жатақанасының дүкенінде сатылымда тұр. Оны студенттер, оқытушылар сатып алады . Аудиториядан алған білімді тәжірибемен ұштастырып, еңбек майданына ерте араласу, оқығанын оңтайлы пайдалану, ұстаздан көргенін ұстаханада жасау шәкірт үшін шаттықты шақ емес пе? Осы үрдісті отауынан бастаған оқу ошағының озат оқушылары мемлекет мерейін асыруда.