Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студентінің ғылыми-зерттеу жұмысының мақаласы, шетел баспасына жариялануға ұсынылды
26 қараша 2021                  319044
ҚазИТУ студентінің ғылыми-зерттеу жұмысының мақаласы, шетел баспасына жариялануға ұсынылды

Қыркүйек айында Қазақстан-Ресей медициналық университетінде өткен , жоғары оқу орындары арасындағы ғылыми студенттік конференцияда , Қазақстан инженерлік-технологиялық  университеті , « Биотехнология» мамандығының 2 курс студенті Бауыржанқызы Аружан «Problems of heredity of allergic diseases» тақырыбында ғылыми жобасын қорғап , комиссия мүшелерінің шешімі бойынша  II дәрежелі диплом иегері атанды. Бауыржанқызы Аружан өзінің ғылыми зерттеу жұмысына арналған мақаласын ағылшын тілінде қорғап, шет тілді терең меңгергені үшін комиссия мүшелерін қызықтырды. Бұл зерттеу жұмысының мақаласы өте жақсы жазылған ақпарат деп танылып, шетел баспасына жариялануға ұсынылды.Осы жобаны даярлауда  ғылыми жетекшісі , Филология ғылымдарының магистрі,phd доктор, дәріскер Шохаева Қарлығаш Нұрланқызы дұрыс бағыт-бағдар беріп, ғылыми жобада жүлделі орын алу үшін барын салды.