Главная Новости ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова «Ижевск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы» -мен Келісімшарт жүргізді
29 қараша 2021                  319003
ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова «Ижевск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясы» -мен Келісімшарт жүргізді

25 қазан  күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры  Г.Ә. Сәрсенбекова мен Федералды мемлекеттік бюджеттік жоғары оқу орны Ижевск мемлекеттік ауылшаруашылық академиясының ректоры А.А. Брацихин екіжақты келісімшартқа қол қойды.

 

Келісімшарттың негізгі мақсаты білім беру, ғылыми-техникалық және инновациялық қызмет салаларындағы ынтымақтастық, университеттер арасындағы серіктестік жүйесін дамытуды қамтамасыз ету, ғылыми орталықтар, зертханалар негізінде бірлескен жобалар аясында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу, бірлескен қос дипломдық білім беру, кәсіптік білім беру, жоғары білікті кадрларды даярлау, идеялармен, ақпаратпен және технологиялармен алмасу, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және тәжірибелік жұмыстарды ұйымдастыру болып табылады. Келісімшарт барысында университет ректорлары тәжірибе алмасып, білім сапасын дамытуда алға қойылған басты мақсаттарды саралады. Білім алаңында жүзеге асырылатын идеялармен бөлісіп, келешекте университеттер арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты дамытуда жүргізілетін жоспарларды айқындады.