Главная Новости ҚазИТУ «Ұлы Дала елінің ұланымын» атты патриоттық шара өтті
04 май, 2017                  318704
ҚазИТУ «Ұлы Дала елінің ұланымын» атты патриоттық шара өтті
2017 жылдың 3-мамырында ҚазИТУ-да 7 мамыр – Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр – Жеңіс күніне арналған «Ұлы Дала елінің ұланымын» атты патриоттық шара өтті. Мерекелік шараға тыл ардагерлері, еңбек ардагерлері, қонақтар мен оқытушылар, студенттер қатысты.

ҚазИТУ колледжінің студентерінің арасында әскери-патриоттық сапта жүру байқауы өткізілді. Байқау ҚР Әнұран орындаумен басталды. Байқауға қатысқан топтар сайыстың бірінші бөлімінде саппен салтанатты шеру, саптық әдіс-тәсілдерді орындау, сапта әскери патриоттық әнді орындау бойынша жарысқа түсті. Екінші бөлімде уақытқа автоматты бөлшектеу және жинау, газқағарды (противогаз) кию бойынша жарысты. Барлық топтар талапқа сай әскери киім үлгілерін киіп, жақсы дайындықпен келген.

Инновациялық техникалық колледжден келген «Арлан» тобы да өз дайындықтарының жақсы екендігін білдірді.

Сайыс қорытындысы бойынша І орынды – «Арлан» және «Жас ұлан» топтары бөлісті. ІІ орын – «101» тобы, ІІІ орын – «Легион» топтары иеленді.

«Ең үздік командир» номинациясы ҚазИТУ колледжінің І курс студенті Жумаханов Арманға берілді.

Сайыстың бас төрешісі «06708 әскери бөлімінің» батарея командирі, капитан Базилжанов Ержан Сарсенқожаевич және Инновациялық техникалық колледж АӘД пәнінің оқытушысы Жаныкулов Калдыбек Оразбаевич студенттердің саптық дайындығы мен тапсырмаға жауапкершілікпен қарағандығына ризашылығын білдірді.

Тыл ардагері, ардагер ұстаз, алтын алқа иегері Төлегенова Нәзікен апа сайыс соңында КазИТУ оқытушылары мен студенттерін мерекемен құттықтап, аналық ақ батасын берді. Шара студенттер дайындаған концертпен жалғасты.

Алғашқы әскери дайындық пәнінің оқытушысы капитан Е.Ж.Балтабаевқа алғыс білдіреміз!