Главная Новости ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚазИТУ-дың 20 жылдық мерейтойы тойланды
14 декабрь 2021                  318982
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚазИТУ-дың 20 жылдық мерейтойы тойланды

  Еліміздің ең басты мерекесі қарсаңында, 14 желтоқсан күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен ҚазИТУ-ға биыл 20 жыл толуына орай салтанатты мерекелік іс-шара өтті.

  Бұл кешке Ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, университет басшылығы мен ұжымы қатысты.

  Мерекелік кештің ашылу салтанатында ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова ұлтымыздың ұлық мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтап,  соңғы бес жылдықта ҚазИТУ-дың жеткен жетістіктері мен, толағай табысы жайлы баяндады.

  2016-2021 оқу жылы аралағындағы оқу ғимараттарының жөндеу жұмыстары, жаңа ғылыми кітапхананың іске қосылуы, конференц зал, жас ғалымдар залы, сирек кездесетін кітаптар қоры және цифрландырылған кітап залы, кіші акт залы және жаңа ғылыми лабораториялардың пайдалануға берілгені туралы, студенттердің әлеуметтенуіне, шығармашылық өсуін ұйымдастыруда жүргізілген шаралар жайлы, университеттің Даму бағдарламасын іске асыру мақсатында жүргізілген басты 4 бағыт: Академиялық қызмет; Ғылыми – инновациялық қызмет және халықаралық ынтымақтастық; Әлеуметтік - жастар саясаты; Қаржылық , экономикалық және материалды – теникалық даму бойынша білім бағдарламасына енгізілген өзгерістер жайында, ҚазИТУ  студенттерінің білім деңгейі мен республикалық спорттық шараларда жеткен жетістіктеріне тоқталды. Интернациаландыру стартегиясы бойынша жеткен жетістіктерге, 50-ден астам халықаралық жоғары оқу орындарымен байланыстардың кеңейгендігі туралы ақпаратпен бөлісті.  « Мәңгілік ел» идеясы мен « Рухани жаңғыру» бағдарламасы  аясында  ҚазИТУ  қабырғасында өткен барлық іс-шаралар жайлы мағұлмат берді. Университетте ұтымды технологияны пайдалану арқасында студенттер саны сандық та, сапалық та жағынан бірнеше есеге өскені туралы және ҚазИТУ-дағы жаңа жобалар кәсібилікпен қатар, жұмсақ дағдыларды қалыптастыруға бағытталатынын баяндады.

  Кеш барысы бірқатар сала үздіктері мен әріптестік қарым-қатынаста ҚазИТУ-дың даму жолында үздіксіз үлес қосып келе жатқан Ғылыми-зерттеу институттарын, ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова алғыс хатпен марапаттау рәсімімен жалғасты.

 

Айта кетсек, Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрі А.Қ.Аймағамбетов атынан Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан зор үлесі үшін алғыс хатпен, ҚазИТУ оқу және ғылым жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов, ҚазИТУ колледжінің директоры М.Х.Шалабаева, «Экономика және қаржы» кафедрасы, Экономика ғылымдарының докторы, профессор М.В.Ахмедиярова, «Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация» кафедрасы, Техника ғылымдарының магистрі, лектор А.Е.Айжанованы және марапатталды. Сонымен қатар, Қазақстан инженерлік – технологиялық университеті білім саласының қарқынды дамуына қосып жатқан әріптестік үлесі үшін, Қазақ микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы ұжымы, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты ұжымы, Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты ұжымы, Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу орталығы ұжымы, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты ұжымы мен басшылығы алғыс хатпен марапатталды.

 

Осы орайда ҚазИТУ ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова ҚазИТУ Президенті Руслан Бақытжанұлы Жұмағұловты «Еңбек Даңқы» III дәрежелі төсбелгісімен, «Қазақ микробиология және вирусология ғылыми-өндірісітік орталығы» Бас директоры, биология ғылымының докторы, профессор, академик, ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті ғалым Аманкелді Құрбанұлы Садановты Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы марапатымен құттықтады. Биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша «Үздік кафедра» байқауының нәтижесіне сүйене отырып, кафедралар түрлі номинациялармен марапатталды. Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасы «Электрондық ресурстар үздігі» номинациясы, Технология, жабдықтар және стандарттау кафедрасы «Ғылыми проект көшбасшысы» номинациясы, Жаратылыстану - ғылыми пәндер кафедрасы «Оқу-әдістемелік ресурстар көшбасшысы» номинациясы, Экономика және Қаржы кафедрасы «Тәрбие жұмысының көшбасшысы» номинациясы, Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы «Үздік халықаралық конференция ұйымдастырушысы» номинациясымен марапатталып, әр кафедраға ақшалай сыйақы ұсынылды. Салтанатты кеш мерекелік бағдарламамен жалғасты. Университет оқытушылары түрлі өнер көрсетіп, көрермен ықыласына бөленді.