21-22 желтоқсан 2021 жылы «Технология жабдықтар және стандарттау» кафедрасының меңгерушісі Отыншиева Ажар Мұратқызы «Агробизнесте ШОК-тың бәсекеге қабілеттілігін арттыру және Орталық Азиядағы саудаға жәрдемдесу үшін өңірлік интеграция және әлеуетті арттыру-CANDY V» тақырыбында өткен Халықаралық жиынға қатысты.
Кездесудің негізгі мақсаты- ғылым, білім және бизнестің интеграциясы-пандемия және экономиканың қалыптасуы жағдайында мемлекеттердің тұрақты дамуы мен бәсекеге қабілеттілігінің пәрменді құралын талқылау болды. Жиын барысында біршама сұрақтар талқыланып, қатысушылар бір-бірімен тәжірибе алмасты.