Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры ҚазИТУ мен Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы әріптестігі - сапалы мамандар дайындаудың сенімді жолы
24 қаңтар 2022                  318966
ҚазИТУ мен Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу өндірістік орталығы әріптестігі - сапалы мамандар дайындаудың сенімді жолы

Әріптестік келісімшарт аясында 24 қаңтар күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов пен Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры  Б.Н.Татибеков бірлескен жобаларды әрі қарай іске асыру  мақсатында Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығының мамандарымен кездесу өткізді.

 

Белгілі ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор, академик, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, әл-Фараби атындағы ғылым және техника саласындағы мемлекеттік сыйлықтың иегері Аманкелді Құрбанұлы Саданов жетекшілік ететін Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығы Қазақстанда ғылыми-зерттеу жұмыстарын тәжірибелік түрде жүзеге асырып, еліміздің ғылыми әлеуетін дамытуға зор үлесін қосып келеді.

 

Кездесу барысында ҚазИТУ Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығының Ғылыми жұмыс бойынша Бас директорының орынбасары Б.Б.Баймахановамен алдағы уақытта ғылым саласындағы өзара ынтымақтастықты арттыру, бірлескен ғылыми жұмыстарды жүзеге асыру, студенттер үшін өндірістік практиканы ұйымдастыру, тәжірибе алмасу мүмкіндіктерін кеңінен талқылап, өзара ықпалдастықты күшейте түсуге уағдаласты.

 

Кездесу аясында вирустар биохимиясы, микробтық препараттар, тағамдық микробиология мен вирусқа қарсы қорғау зертханаларына шолу жасалып, алдағы уақытта ғылыми-өндірістік орталықпен бірлесе отырып мастер класстар өткізу жоспары жасалды.