Главная Новости Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті
26 january 2022                  318885
Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті

26 қаңтар  күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде Г.А. Сарсенбекованың төрағалығымен Ғылыми кеңес мүшелерінің кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында ҚазИТУ-дың білім сапасын арттыру өзектілігі, ғылыми-зерттеу жұмыстарының қызметін дамыту, білім беру бағдарламаларына толықтырулар мен өзгерістер еңгізу мәселелері талқыланды.

Күн тәртібіндегі бірінші  мәселе бойынша, ҚазИТУ  Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры  Д.Б. Ақпанбетов,  2021 жылғы университеттің ғылыми-зерттеу және инновациялық қызметінің қорытындылары туралы баяндама жасады.

Екінші мәселе бойынша, кафедра меңгерушілері кафедралардағы оқу-әдістемелік, ғылыми-зерттеу және тәрбие жұмысының жоспарымен бөлісіп, жаңа тың идеялар ұсынды.

Келесі кезекте, Ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық департаментінің директоры Б.Н.Татибеков,  Жыл сайынғы сәуір Халықаралық конференциясын өткізу жоспарымен таныстырды.

Аталған мәселелер бойынша сәйкесті шешімдер қабылданып, айтылған ұсыныс-пікірлерге тиісті шаралар қолданылатыны бекітілді. Ғылыми кеңес мәжілісінің қорытындысы нәтижелі деп танылды.