Главная Новости Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет мүддесі бәрінен жоғары
31 январь 2022                  318863
Қасым-Жомарт Тоқаев: Мемлекет мүддесі бәрінен жоғары

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүгін «Хабар» телеарнасына берген сұхбатында

қоғамды алаңдатқан қасіретті қаңтар оқиғасының себептері мен салдары, алдағы саяси және әлеуметтік реформалар, Қазақстанның сыртқы саясаттағы негізгі серіктестерімен қарым-қатынастары туралы барша халықты толғандырып жүрген сауалдарға жауап беріп, біршама жайттардың басын ашып берді. Мемлекет басшысы қаңтар оқиғасына қатысты барлық жайттарды өте байыпты шешу керектігін және бұрын елестетудің өзі қиын болған фактілердің ашылып жатқанын айтып өтті. Ел Президенті нағыз кәсіби дипломат ретінде оқиғаның салдары мен халықтың әсері қалай болатынын алдын-ала болжай білгенін және халықтың қауіпсіздігі, мемлекет тұрақтылығын сақтау өзі үшін барлығынан биік екендігін жеткізді.

Бүгінде Президентіміз демократиялық түрде халық талабына құлақ асқанын байқап отырмыз. Президент жариялаған реформалар одан әрі өсіп-өркендеп, қызмет ететіне және өте жарқын болашақта нәтиже беретініне сеніміміз мол.