Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы
27 қаңтар 2022                  319081
«Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» білім беру бағдарламасы

 

Азық-түлік өнімдерінің технологы - бұл шикізатты алғаннан бастап дайын өнімді буып-түйгенге дейінгі барлық сатыда өндірілетін тамақ өнімдерінің сапасына жауап беретін маман.

Кәсіби қызмет саласы: Азық-түлік өнімдерінің өндірісі: шикізат пен дайын өнімнің технологиясы, ұйымдастыру, басқару және сапасын бақылау; қоғамдық тамақтану өнімдері; жобалау институттары; ғылыми-зерттеу ұйымдары; әр түрлі нысандар мен меншік түрлерінің кәсіпорындары; білім беру қызметі.

 

Кәсіби қызмет саласы мен нысаны: Азық-түлік өнімдерін өндіру (технология, ұйымдастыру, басқару және бақылау) өндірісі: ет, сүт, ет-сүт өнімдері; балық, балық өнімдері; консервілер мен азық-түлік концентраттарын өндіру үшін жануарлар мен өсімдік тектес шикізат; өсімдіктер мен жануарлардан алынатын май, эфир майлары; қоғамдық тамақтану өнімдері, жобалау институттары, ғылыми-зерттеу ұйымдары; әр түрлі нысандар мен меншік түрлерінің кәсіпорындары; білім беру мекемелері.

 

Мамандық лауазымдарының тізімі: инженер-технолог, тамақ өндірісінің технологы, қоғамдық тамақтану технологы, цех бастығы. Орта білім негізінде (мектеп түлектері) күндізгі бөлімге түсушілер 5 пән бойынша ҰБТ түрінде түсу емтихандарын тапсырады (3 міндетті + 2 таңдау бойынша бейіндік пәндер). Мамандықтың артықшылықтары: еңбек нарығындағы ұдайы сұраныс; тұрақты жұмыс; ірі кәсіпорындардағы жоғары жалақы. Оқуды аяқтағанда берілетін дәреже: 6В07201 «Азық-түлік өнімдерінің технологиясы» мамандығы бойынша техника және технология бакалавры.