Главная Новости ЖОО-лар мен ғылыми институттар кадр даярлау туралы келісімге қол қойды
3 февраль 2022                  318866
ЖОО-лар мен ғылыми институттар кадр даярлау туралы келісімге қол қойды

2 ақпан күні  Алматы қаласында қазақстандық жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттары кадр даярлау бойынша ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды

Маңызы жоғары меморандум ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау барысында іске асып отыр. Кеңейтілген кеңеске ҚР Білім және Ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов арнайы қатысты.

«Бізде енді жыл сайын 500 ғалым, жоғары оқу орындарының қызметкерлері әлемдегі ең үздік ғылыми зерттеу институттарына барып, бір жыл бойы тағлымдамадан өтуге мүмкіндік алып отыр. Ол тек тағлымдама ғана емес, онда оқу компоненті де бар. Бізде мәселен, зертхана немесе құрылғылар жетіспесе, үздік институттарға барып, бірге зерттеулер жүргізе алатын болады», - деді ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Бекітілген меморандум нәтижесінде ғылыми-зерттеу орталықтары тек зерттеу жұмыстарымен айналысып қана қоймай, студенттерге дәріс беріп, өз тәжірбиелерін бөліседі. Бұл болашақта әр мамандық иесі бойынша сапалы кадр даярлауға септігін тигізбек.