Главная Новости Университет басшылығы эдвайзерлік топ студенттерімен кездесті
8 ақпан 2022                  318852
Университет басшылығы эдвайзерлік топ студенттерімен кездесті

      7-8 ақпан күндері Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің басшылығы дәстүр бойынша эдвайзерлік топ студенттерімен  екі форматта кездесу өткізді. Бұл  шараның негізгі мақсаты- оқу үдерісі  мен білім сапасын арттыру, академиялық құқық бұзушылықпен күрес және  студенттердің әлеуетті жағдайын жақсарту.

       Кездесу барысында Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сәрсенбекова  биылғы оқу жылындағы жетістіктер туралы және университеттің 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын жүзеге асыру міндеттері туралы егжей-тегжейлі баяндады. Осы орайда, біздің алдымызда көптеген міндеттер тұр. Атап айтқанда, университетіміздің инфрақұрылымын дамыту, білім сапасын арттыру ,сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу шараларын күшейтуді қолға алғалы отырмыз. Осы міндеттерді іске асыру үшін біз Сіздермен біріге жұмыс жасауымыз қажет. Бүгінгі кездесуіміздің бірден бір себебі де осында. Мен, болашақта университетіміз қандай болуы тиіс, білім сапасын жетілдіру үшін университет тарапынан қандай қолдаулар көрсетілгенін қалайсыздар деген сауалдарға әрбіріңіздің пікірлеріңізді тыңдағым келеді» -  деп өз ойын білдірді.

 

Сондай-ақ университет басшысы әр студентке жеке тоқталып, ата-анасымен байланысқа шықты. Сұхбат барысында студенттің оқу үлгерімі, академиялық саясат туралы ақпаратты игеруі,   тәртібі мен сабаққа қатысуы жайлы сөз қозғалды.

       Кездесу одан әрі ашық сұхбат түрінде жүргізілді.  Жиын барысында студенттердің тарапынан 30-дан  астам сұрақ қойылып, түрлі ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде университет ректоры Г.Сәрсенбекова студенттер тарпынан айтылған сұрақтар мен ұсыныстар жіті бақылауға алынып, тиісті құрылымдық бөлімшелерге жеке тапсырмалар ретінде  жүктелетіндігіне сенім білдірді.

       Жиын соңында университет басшылығы студенттерге  алғысын білдіріп, алдағы уақытта да осылай жоғары белсенділік танытуға шақырды.