Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры Ерекше форматта өткен Ашық эдвайзерлік сағат, ұмытылмас әсер қалдырды
18 ақпан 2022                  319149
Ерекше форматта өткен Ашық эдвайзерлік сағат, ұмытылмас әсер қалдырды

«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында , 17 ақпан күні Экономика және қаржы кафедрасының  эдвайзері Н.К.Душова ,2 курс Туризм мамандығының студенттерімен  Ұлы ұстаз –Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған ашық эдвайзерлік сағатты ғалымның мұражай-үйінде өткізді.

Ерекше форматта өткен ашық эдвайзерлік сағат барысында,  ғалымның өмірбаяны мен шығармашылығы жайында сөз қозғалып, тарихи тұлғаның көзі тірісінде қолы тиіп, кәдесіне жаратқан бұйымдарына шолу жасалды.

 

Осы орайда ата-бабаларымыздың өмірін әйгілейтін мұраларды жоғалтпай сақтап, адамзат тәрбиесіне пайдалануда, келешек ұрпаққа мұра етіп қалдырған мұражай қызметкерлері де , Ахмет Байтұрсынұлының басынан кешкен қиын-қыстау күндері, ауыр жолдары, қуғын-сүргін, жетімдік-жоқтық, ел тағдыры, халық қамы, бостандық арманы жайында жазылған шығармалары туралы баяндама жасады. Атап айтсақ,ақынның “Жиған-терген” өлеңіндегі: Қазағым, елім, Қайқайып белің, Сынуға тұр таянып. Талауда малың, Қамауда жаның, Аш көзіңді оянып – деген сөздерді студенттер арасында патриоттық сананы қалыптастырып, отансүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында ерекше әсер қалдырды. Сонымен қатар мұражай қызметкері Ж.Ғ.Құрманәлі, ғалымның мұражай-үйінің жалпы құрылымы жайында мағұлмат берді. «А.Байтұрсынұлы көшесіндегі 60-үйде, яғни, ғалымның Мұражай-үйі төрт бөлме және бір жертөледен тұрады. Оның бір бөлмесі – ахметтану дәрісханасы. Үш залда ғалымның шығармашылық ғұмырына қатысты экспонаттар жасақталған. Бірінші зал: «Ұлттық рухымыздың қайта оралуы», Екінші зал: «Қазақ санасының шамшырағы», ал Үшінші зал: «Саясат құрбаны» деп аталып, онда ғалымның істі болған, түрмедегі кезеңдері қамтылған. Музей жанынан 1000-ға жуық кітап, 500-дей әдеби журналдар, 50-дей түрлі конференция материалдары және апталық газет тігінділері қамтылған кітапхана жұмыс істейді. Музей-үйде ғалымның туған күні 5 қыркүйекте «Тұлға тағылымына – тағзым» атты ахметтану оқулары жыл сайын өткізілетін дәстүрлі шараға айналды» - деді. Жиын соңында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, алдағы уақытта А.Байтұрсынұлы мұражай-үйінің тұрақты келушілері қатарынан болатынын айтты.