Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры ҚазИТУ оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда
29 май, 2017                  318646
ҚазИТУ оқытушылары кәсіби бағдар беру жұмысын жалғастыруда
Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушылары кезекті кәсіби бағдар беру жұмысын мамыр айының 22 – 27 аралығында қызу жүргізіп келді. Алматы қаласының Алатау, Медеу және Алматы облысының Іле, Талғар аудандарына қарасты мектеп-гимназияларын аралап, 9 және 11 сыныптарға кәсіби бағдар берді. Оқушыларға ҚазИТУ-дың барлық мамандықтары жайлы толыққанды ақпарат беріліп, жалпы университеттің тыныс-тіршілігімен таныстырылды.

Оқушылар, әсіресе, «Азық-түлік тағамдары технологиясы», «Экономика», «Қаржы», «Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандықтарына қызығушылық танытты.

Университет оқытушыларының кәсіби бағдар беру жұмыстарының нәтижесі – оқушының болашақ мамандығын таңдауға ықпал ететіндігі сөзсіз.