Главная Новости “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті
22 ақпан 2022                  318893
“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында профессорлық-оқытушылық құрам мен қызметкерлер арасында волейболдан жарыс өтті

22 ақпан Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде  “Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында салауатты өмір салтын ұстану , бұқаралық және ұлттық спорт түрлерін дамыту мен насихаттау мақсатында “Ректор кубогі” үшін профессорлық- оқытушылық құрам  мен қызметкерлер арасында  волейбол спорт түрінен жарыс өтті.Дәстүрлі шараға университеттің  әкімшілік басқару  құрамы , Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация  кафедрасы, Экономика және Қаржы  кафедрасы  мен колледж ұжымы қатысты. Шараның ашылу салтанатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Д.Б.Ақпанбетов құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

 

Тартысты бәсекеде дене шынықтыру пәнінің оқытушысы А.З.Естемесов төрешілік етіп, сайыстың әділ өтуіне барын салды. Оқу орны ұжымының денсаулығын нығайту, спорттық шеберлігін шыңдау және салауатты өмір салтын қалыптастыру негізінде өткен шарада командалар бар шеберліктерін көрсетіп, белсенділік танытты. Жалпыкомандалық есепте Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің колледж ұжымы оқ бойы озып шығып, бірінші орын иеленді. Ал университеттің әкімшілік басқару құрамы екінші орын иегері атанса , жүлдеді үшінші орынды Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасы қанжығасына байлады.Сондай-ақ команда құрамындағы оқытушылар «Үздік ойыншы» номинациясымен марапатталды. Шараның жабылу салтанатында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің ректоры Г.Ә.Сарсенбекова сөз сөйлеп, жеңімпаздарды марапаттады.Университет басшысы өз сөзінде, « Барша азаматтардың денсаулығын нығайту – жарқын болашаққа апаратын алтын сүрлеу десе де болады. Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында дене шынықтыру мен спортты дамытуға айрықша көңіл бөлу қажеттігіне басымдық берген болатын. Қазіргі таңда осы бағытта ауқымды мемлекеттік бағдарламалар қабылданып, жүзеге асырылуда. Бүгінгідей іс-шара алдағы уақытта да дәстүрден жаңылмай жалғасын таба беретініне сенім білдіремін» - деп, жылы лебізін білдірді.