Главная Новости ҚазИТУ ректорат мәжілісінде Жастар Ұйымдары Комитетінің жылдық есебі тыңдалды
19 май, 2017                  321035
ҚазИТУ ректорат мәжілісінде Жастар Ұйымдары Комитетінің жылдық есебі тыңдалды
2017 ж. 15 мамырында Қазақстан инженерлік- технологиялық университетінің ректорат мәжілісінде Жастар Ұйымдары Комитетінің 2016-2017 оқу жылы бойынша есебі тыңдалды. Кеңейтілген мәжіліске ректорат мүшелері мен қатар университет басшылығы, оқытушы – профессорлар құрамы мен ЖҰК-нің мүшелері қатысты.

Жиналыс барысында ЖҰК президенті Кеңесбеков Береке баяндама жасап, 2016-2017 оқу жылында атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Жастар Ұйымдары Комитеті осы уақытқа дейін 100-ден астам түрлі іс-шараларға қатысып қана қоймай ұйымдастырып та келді. ЖҰК жылдық жоспары университет даму стратегиясында айқындалған мақсат-міндеттерге негізделген. Негізгі басымдықтар: оқу, ғылым, шығармашылық, студенттік өзін-өзі басқару, салауатты өмір салты, т.б. болып табылады. Студенттердің бос уақытын тиімді өткізуге бағытталған 29 клуб жұмыс жасады. «Ғибрат» дебат клубы, «KazETU travel» саяхатшылар клубы, «Қамқор» кайырымдылық клубы, «Жас Қаламгер» шығармашылық клубы және түрлі спорт түрлері бойынша құрылған клубтар нәтижелі жұмыс жасап, көптеген шаралар ұйымдастырды. Биыл жас ғалымдар мен студенттердің ғылыми-практикалық конференциясы республиалық деңгейде ұйымдастырылып, ЭКСПО-2017 арналды. Клубқа келуші студенттер саны өткен жылғымен салыстырғанда 2 есеге артқан. Ал клуб саны төрт есеге өскен.

Ректорат мүшелері Жастар Ұйымдары Комитетінің 2016-2017 оқу жылындағы жетістіктерімен қатар алдағы уақытта атқаратын жұмыстарында еске алатын жәйттерді де ортаға салды. ЖҰК жаңа оқу жылында да тұрақты жұмыс істеп, үздік нәтижелерге қол жеткізіп, игі бастамаларымен қуантатын болады. Белсенді жастар бірлікте болса, бағындырар биік белестері әлі алда екеніне сенімді!