Главная Кафедры Социально-гуманитарные дисциплины и мировые языки Новости кафедры 31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарының еске алу күні
01 июнь, 2017                  318656
31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарының еске алу күні
31.05.2017ж күні Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің кітапханасында, проректор Г.Ә.Сәрсенбекованың басшылығымен Қуғын - сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу мақсатында, «Қуғын-сүргінге ұшыраған – ұлттық рухы биік тұлғалар» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараны Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының профессорлық-оқытушылар құрамы мен ғылыми кітапхана қызметкерлері ұйымдастырды.

Дөңгелек үстелге университет және колледж оқытушылары мен студенттері қатысты. Олар бағдарлама бойынша дөңгелек үстел жұмысына дейін Ғылыми кітапхана ұйымдастырған кітап көрмесін тамашалады.

Үстел басында қатысушылар қуғын-сүргін құрбандарын 1минут үнсіздікпен еске алды.

ХХ ғасырдың басында талайды сарсаңға салып, қасірет шектірген саяси қуғын-сүргін туралы ғылыми деректерге негізделген ой-толғамдарын ортаға салды.

Тәуелсіз Қазақстан азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз екені даусыз.