Главная Новости ҚазИТУ мен «Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығы» бірлескен жаңа жобалардың даму бағытын талқылады
10 наурыз 2022                  318966
ҚазИТУ мен «Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығы» бірлескен жаңа жобалардың даму бағытын талқылады

Жуырда Қазақстан инженерлік – технологиялық университетінде  «Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығы» ЖШС Бас директоры, биология ғылымының докторы, профессор, академик, ғылым мен техника саласы бойынша Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, көрнекті ғалым Аманкелді Құрбанұлы Садановпен кездесу өтті.

Еліміздегі іргелі зерттеулерді тәжірибелік түрде жүзеге асыратын бұл орталық ауылшаруашылығына арналған жаңа импортты алмастыратын препараттарды әзірлеу, өндірістік ластанудан қоршаған ортаны тазарту технологияларын енгізу, фармакологиялық және ветеринарлық препараттардың отандық индустриясын дамыту бойынша көлемді жұмыстар жүргізіп отыр.
 

Басқосуда ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекова университеттің осы салада мамандар дайындап жатқан кафедралардың жұмысы жайлы айта келіп, Аманкелді Құрбанұлы басшылық етіп отырған орталықпен бірлескен ғылыми-инновациялық жобаларды жаңа бағытта дамыту бойынша ұсыныс-пікірлерді талқылады. Алдағы уақытта  сапалы маман даярлау мақсатында,   университет студенттері жүйелі түрде «Микробиология және вирусология ғылыми өндірістік орталығында» білімдерін тәжірибемен ұштастырып, институттың ғылыми қызметкерлері келіп, студенттерге дәрістер өткізуі туралы шешім қабылданды.

Жиын соңында көрнекті ғалым Амангелді Құрбанұлы , қатысушыларды жоғары сапалы, жаңа технология бойынша өндірілген, жаңа сүт өніммен таныстырып, тәжірибе бөлісті.