Главная Новости Басты бағыт- бәсекеге қабілетті маман даярлау
11 наурыз 2022                  318893
Басты бағыт- бәсекеге қабілетті маман даярлау

      Жуырда Қазақстан инженерлік – технологиялық университеті ректоры Г.А.Сарсенбекова  ынтымақтастық келісімшарт аясында Ғылыми - зерттеу институттарының  басшыларымен кездесті. Жүздесуге бірнеше ғылыми-зерттеу институттары қатысты.Негізгі мақсат -  білім беру мен ғылыми әлеуетті нығайта отырып, бәсекеге қабілетті  сапалы маман дайындау.

      Айта кетсек ҚазИТУ ғылым саласын дамытуда елеулі үлес қосқан, «Микробиология және вирусология ғылыми-өндірістік орталығы» , «Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты»,  «Қазақ бау-бақша шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты», «Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтымен» ынтымақтастық келісімшарт орнатқан.

       Басқосуда университет басшысы ҚазИТУ-дың ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп атқаратын негізгі бағыттарына тоқталды.  Білім алушылардың кәсіби біліктілігін арттыруды жіті назарға ала отырып, ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесе сапалы маман даярлаудағы жаңа жобалар талқыланды. Студенттерге  теория мен тәжірбиелік жұмыстарды ұштастыра отырып,  өндірістік машықтану кезінде озат тәжірибелі мамандардан білім алып , жаңа жабдықталған технологияны меңгеру турасында жоспар құрылды.

       Кездесу соңында  ҚазИТУ ректоры Г.А.Сарсенбекова ұйым аруларын 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, гүл шоқтарын табыстады.