Главная Новости Студенттік «Мегаконкурста» студент мега сыйлық ұтып алды
27 май, 2017                  318676
Студенттік «Мегаконкурста» студент мега сыйлық ұтып алды
2017жылдың 13 ақпан айында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті "Мега конкурс" жариялаған болатын. Конкурстың ұйымдастырушысы Жастар ұйымдары комитеті. Бұл конкурстың мақсаты университет жетістіктерімен бөлісіп, оны насихаттау, танымалдылығын арттыру және студенттік Kazetulife парақшасындағы оқырмандар санын көбейту болды. Қойылған талап әрбір тіркелетін оқырман өз парақшасында ҚазИТУ-ды жарнамалауы керек. Нәтижесінде жаңадан ашылған парақшадағы оқырмандар 200-ден 1500-ге жетті. Тіркелгендер ішінде 169-дан 4171-ге дейін оқырмандары бар адамдар болды. Атап айтар болсақ, Ануарбекова Банудың - 4171 оқырманы болса, Токтасынова Айжанда – 3571, Суюнбаева Айлунада – 2501, ал Куанышбек Мейржанда – 2237 оқырман бар. Конкурс кең көлемде өтті. Оған дәлел тек Қазақстан азаматтары емес баска да елдерден қатысты. Мысалы, Ресей елінің азаматтары белсенділік танытты. 26 мамыр күні "Мега конкурсты" парақшамыздың тікелей эфирінде оқырмандар сұрауымен "рандомно" ойнатылды. Конкурсымыздың жеңімпазы 513 оқырманы бар Қазақстан инженерлік технологиялық университетінің 1 курс студенті Орысбекова Қырмызы атанып, IPHONE 6S телефонына ие болды. Құттықтаймыз!!!