Главная Новости «Рухани құндылықтар айдарында: Тәрбие- тал бесіктен» атты дөңгелек үстел өтті
17 наурыз 2022                  318917
«Рухани құндылықтар айдарында: Тәрбие- тал бесіктен» атты дөңгелек үстел өтті

     Қазіргі таңда болашақ ел жастарымыздың тәрбиесі қыл парасаты құлдырау үстінде. Егер болашақта осы тәрбиелік маңыздың құлдырауы болса ше? Әбден мүмкін! Себебі қазіргі таңда ұялы телефонның әсері өте жоғары.  Сол себепті де бізге тәрбие мен талап қажет. Қазіргі заман қыз тәрбиесі мен ұл тәрбиесіне ерекше мән беруді қажет етеді. «Ұл тәрбиелей отырып, жер иесін тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлтты тәрбиелейміз» деп бекер айтылмаса керек. Инабатты қыз, ұлағатты ұл тәрбиелеу –ата-ананың да, ұстаздар қауымының да міндеті.Жас адамды есті, саналы, мәдениетті, сергек етіп тәрбиелеу отбасы мен қоғамдық тәрбие орындарының бірден –бір парызы. Өйткені «Ес түзелмей, ел түзелмейді», егемен еліміздің болашағы отбасында тал бесіктен басталып, оқу – тәрбие орындарында есті ұрпақты тәрбиелеу ісімен шешілмек. Бесігінде жақсы тәрбие алған, үлгі- өнеге көрген бала қайда болса да көрегенділігін көрсетеді.Тәрбиелік маңызды бойымызға  сіңіру өзімізге байланысты.

   КазИТУ кітапханасының ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар айдарында: Тәрбие- тал бесіктен» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел барысында студенттер өз ойларымен бөлісіп, күй шертіп ән шырқады.

 

al