Главная Новости Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күн талабы
15 наурыз 2022                  318911
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – бүгінгі күн талабы

Жемқорлық-мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Оған осы бастан тоқтау қоймаса мемлекетте тұрақты өсіп-өркендеу болмайды. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін қоғамның  құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы орасан зор.

Осы орайда 15 наурызда Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде, «Сыбайлас жемқорлық қылмыстарын ескерту және жастар арасында жиі орын алатын қылмыстар туралы құқықтық ақпаратты білімгерлердің құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін көтеру мақсатында тарату, түсіндіру» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

 

Жиында Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ,Жемқорлыққа қарсы күрес жетекшісі Д.А.Ашимбаев білім алушылар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәдениетін қалыптастыруға бағытталған жиынның мән-маңызына тоқтала келе, жемқорлық пен құқық-бұзушылықты туғызатын себептер мен жағдайларды алдын алып, оларды жою, жастардың құқықтық сауаттылығын нығайту, жемқорлыққа қарсы саясатты насихаттау, сондай-ақ, жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шаралардың жариялылығы мен ашықтығын үйлестіру туралы баяндады. Сөз соңында сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы және адамгершілік міндеті екендігін студенттерге түсіндірді.