Главная Новости Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі онлайн дәріс өткізеді
24 march 2022                  318868
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі онлайн дәріс өткізеді

 

28 наурыз – 1 сәуір аралығында  Сыбайлас жемқорлыққа қарсы «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі  Республикалық дәрежеде онлайн дәріс өткізеді. Іс-шараның басты мақсаты- тыңдаушылардың азаматтық қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылы туралы неғұрлым кең білім алуы.

Бұл маусымда дәрісті сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілдері, экономикалық тергеу қызметкерлері мен басқа да құқық қорғау органдары жүргізеді. Аталмыш шараға Қазақстан инженерлік - технологиялық университетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жетекшісі Д.А.Ашимбев пен студенттер қатысады.

Бүгінде азаматтардың  құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін қалыптастырудың маңызды құралының бірі – саналы ұрпаққа сапалы білім беру.Осы қағидатты басты назарға ала отырып, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті шараға қатысудың маңыздылығын жоғары бағалап отыр.