Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры ҚазИТУ студенттері дебат ойындарынан жүлделі оралды
1 сәуір 2022                  319049
ҚазИТУ студенттері дебат ойындарынан жүлделі оралды

2022 жылдың 31 наурызда Алматы қаласы жоғары оқу орындары студенттері арасында,  Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың  2022 жылды Балалар жылы жариялауына байланысты  «Бала деген бір бақыт» атты дөңгелек үстел өтті. Жиынға бірнеше жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Жастардың балаларға деген мейірімділік сезімдерін арттыру, отанға деген сүйіспеншіліктерін дамыту, елдің өркендеуіне ат салысу , өз еркімен қоғамға пайдасын тигізуге ықпал ету мақсатында ұйымдастырылған шараға ,Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің  Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация кафедрасының  оқытушысы  А.Ж.Скакова жетекшілігімен,  1 курс студенті Жанбота Пұшбақ  пен  Айдана Қанат  қатысып, жүлделі үшінші орынды иеленді.

 

Төрт кезеңге созылған жиында  Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті командасының   балалар жылына арнайы дайындалған жобасына комиссия мүшелері қызығушылық танытып, үздік деп баға берді.

Басқосу  «Бала және интернет» тақырыбы аясында пікірталаспен жалғасын тапты.Тақырып аясында ұтқыр ойлар айтылып,  пікірталас соңында ұлттық сана мен өркениетті  қалыптастыра отырып,кемел  тұлға тәрбиелеу туралы бақылаушылар пікір білдірді.

Іс-шара соңында ұйымдастырушылар дөңгелек үстелге қатысып, жүлделі үшінші орын алған Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің студенттерін марапаттап, сертификат табыстады.