Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен келісімшартқа қол қойылды
4 сәуір 2022                  318888
ҚазИТУ Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен келісімшартқа қол қойылды

2022 жылы 1 сәуірде Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтымен ынтымақтастық туралы келісімшартқа қол қойды.

Бұл меморандумның мақсаты - ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп ұйымдастыру , жүзеге асыру, сонымен қатар қоғамдық іс-шараларды (конференциялар, семинарлар және т.б.) бірлесіп жоспарлау және өткізу, ғылыми кадрларды даярлауды қамтамасыз етуге негізделеді.

Ынтымақтастық кездесуде Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті, Әлеуметтік – гуманитарлық пәндер кафедрасының оқытушысы, профессор, философия ғылымдарының докторы К.К.Котошева, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы  Тарих және этнология институтының директоры З.Е. Қабылдиновты университеттің жетістіктері мен қызметі жайында толық таныстырып, бірлескен ғылыми жобаларды әзірлеуге уағдаласты.