Главная Новости ҚазИТУ кәсіби-бағдар беру жұмысымен Талғарда болды
13 июнь, 2017                  318668
ҚазИТУ кәсіби-бағдар беру жұмысымен Талғарда болды
12 – маусым күні ҚазИТУ проректоры Г. Сәрсенбекова, кафедра меңгерушісі Л. Атагельдиева, оқытушылар А. Сарымсақов, Б. Зоржанов, М. Чаяхметова, Ж. Тоқанова, А. Тоқабек Алматы облысы Талғар қаласы Д. Қонаев көшесі 209 «а» мекен-жайы бойынша орналасқан Талғар политехникалық колледжінде болды. Арнайы ұйымдастырылған жиында: колледж басшылығы, оқытушылары мен студенттерімен кездесіп, кәсіби бағдар беру, ғылыми-әдістемелік жұмыстарды бірлесе атқару бойынша мәселелер сөз болды. Кездесу бағдарламасында: колледж директоры Ж.Т. Кибекбаев колледж жетістіктерімен, материалдық базасымен таныстырды. Сонан соң кітапхана залында оқытушылар мен студенттермен кездесу өтті. Кездесуде ҚазИТУ тыныс-тіршілігімен университет проректоры Г.Сарсенбекова жан-жақты таныстырды. 2016-2017 оқу жылындағы ҚазИТУ-дың атқарған ересен зор жұмыстары мен қатар жетістіктері жайында кең көлемде баяндады. ҚазИТУ студенттері арасында өтетін «Мамандық үздігі» атты байқауға және ғылым, білім, шығармашылықта ізденіске жетелейтін қызықты студенттік өмірге колледж студенттерін де қатысуға шақырды. Қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға университет проректоры мен оқытушылар жауап берді. ҚазИТУ оқытушылары Колледж қабылдау комиссиясы жұмысымен де танысып, университет туралы ақпарат парақшаларын таратуға мүмкіндік алды. Сонымен қатар сол күні өткізілген колледж студенттерінің ата-аналар жиналысында да университет туралы ақпарат берілді. Колледж директоры Ж. Кибекбаев кездесуді қорытындылап, ҚазИТУ ректоры Н. Темірбековке және мазмұнды кездесу жұмысын жүргізген университет оқытушыларына алғысын білдірді.

Білім-ғылым-инновация үштігіне бет алған қоғамда екі жақты ынтымақтастық пен келісімге құрылған осындай жұмыстардың еліміздің дамуына үлкен үлес қосатын кәсіби білікті маман даярлауда маңызы зор.