Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры ҚазИТУ-да жоғары сұранысқа ие мамандар даярлайтын білім беру бағдарламаларын оқытады
18 сәуір 2022                  319039
ҚазИТУ-да жоғары сұранысқа ие мамандар даярлайтын білім беру бағдарламаларын оқытады

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті бүгінгі таңда жоғары сұранысқа ие білім беру бағдарламаларының бірі - "Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі"бойынша үздік кадрларды дайындайды. "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" мен "Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы" негізінде құрылған "тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі" білім беру бағдарламасының студенттерге арналған екі траекториясы бар

  1. "Жануарлардан алынатын тамақ өнімдерін өндіру"
  2.  "Өсімдік тектес өнімдер өндірісі"

Аталмыш бағдарламаны құру алдында білікті мамандармен кездесулер, дөңгелек үстел өткізіліп, "Тамақ кәсіпкерлерінің одағы" ЗТБ М.Д. Сабралиева, Қазақ тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінің ғылыми-зерттеу институты ЖШС А.Б.Оспанов сынды белді өндіріс орындары жұмыс берушілерінің пікірі тыңдалды. Жұмыс берушілер "Азық-түлік өнімдерінің технологиясы" білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге болашақта "Қайта өңдеу өндірісінің технологиясы" туралы білім қажет, басқаша айтқанда бұл "Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі" білім беру бағдарламасының негізгі ерекшелігі болып табылады деген пікір білдірді. Осы орайда екі білім беру бағдарламалары біріктіріліп, нәтижесінде "Тамақ өндірісінің технологиясы және инжинирингі" деген атаумен жаңа білім беру бағдарламасы құрылды.

 

Бұл білім беру бағдарламасы бойынша магистратурада да білім алуға болады. Аталған білім беру бағдарламасы бойынша оқитын студенттер мен магистранттар тек оқу жұмысымен ғана емес, ғылыми жұмыспен де қатар айналысуға мүмкіндігі бар. Кафедраның зертханалық ғимаратында "Тағам дайындау технологиясы зертханасы", "Тағам және қайта өңдеу өндірісі зертханасы", сондай-ақ "Экология және агроинновация" ғылыми-зерттеу орталығы жұмыс істейді. Қазақ тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі ғылыми-зерттеу институтында ҚазИТУ-мен бірлескен зертханалар, "Өнімдердің сапасы мен қауіпсіздігі биотехнологиясы зертханасы", "Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу және сақтау технологиясы зертханасы" студенттер мен магистранттардың сапалы білім алуына қолжетімді жағдай жасалған. Білім беру бағдарламасы бойынша барлық сұрақтар бойынша үйлестірушілеріне пошта арқылы хабарласа аласыз a.otynshieva@kazetu.kz