Главная Кафедры Биохимиялық инженерия Новости кафедры ҚазИТУ-да Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні аталып өтті
14 сәуір 2022                  318989
ҚазИТУ-да Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні аталып өтті

12 сәуір – Халықаралық авиация және ғарышкерлер күні қарсаңында Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде , Жаратылыстану-ғылыми пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен «Физика - Жер және Ғарыш әлемін зерттеуші ғалым» тақырыбында дебатты сайыс өтті.Жиынның ашылу салтанатында Жаратылыстану- ғылыми  пәндер кафедрасының оқытушысы Б.Б.Барменкулова құттықтау сөз сөйлеп, сайыстың шымылдығын ашты.  Аталмыш шараға қатысқан студенттерге ұйымдастырушылар тарапынан викториналық сұрақтар қойылып, әртүрлі интелектуалды ойындар ойнатылды. Студенттер топқа бөлініп, «Физика ғылымының ғарыштағы үлесі және байланысы» атты тақырыпта арнайы дайындап келген қызықты ақпаратты қойылымдарымен бөлісті. Көрермендер де дебатшылардан қалыс қалмай, өз ойларын ортаға салды. Студенттердің интелектуалды сайысы одан әрі өрбіп, пікірталас қызықты әрі пайдалы өтті. Байқау өз мәресіне жетіп, қатысушылар алғыс хатпен, жеңімпаздар мақтау қағазымен марапатталды.