Главная Новости ҚазИТУ ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты
12 сәуір 2022                  318858
ҚазИТУ ұжымы жалпықалалық сенбілікке қатысты

       9 сәуірде Алматы қаласы бойынша  «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында жалпықалалық сенбілік өтті. Сенбіліктің басты мақсаты – қаланың көркіне көрік қосу, тазалығы мен экологиялық жағдайын жақсарту. Қаланың көркейуі мен дамуы үшін маңызды болып табылатын аталған  шараға Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінің білім алушы жастары мен оқытушы-профессорлар құрамы, қызметкерлері белсене қатысты. Университет аумағындағы оқу корпустары, студенттер үйі айналасында да тазалық жұмыстары жүргізілді. Жалпықалалық сенбілікке университет бойынша жалпы саны 200-ден аса адам қатысты.  Тазалық шарасы сағат 09:00-де басталып, 12:00-ге дейін жалғасты.