Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры  “Логикалық алгебра және логикалық элементтер ” тақырыбында ашық сабақ өтті
31 наурыз 2022                  318952
 “Логикалық алгебра және логикалық элементтер ” тақырыбында ашық сабақ өтті

31 наурызда "Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникация"  кафедрасының лекторы С.Е.Ибекеев "Өндірістік электроника" пәні бойынша,  “Логикалық алгебра және логикалық элементтер ” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Ашық сабақта студенттер логикалық элементтерді шешу жолдарын талқылап, өз ойларын білдірді. Электронды есептеу машиналарының, цифрлы өлшеуіш аспаптарыныңөндірістік автоматты қондырғылардың негізінде логикалық элементтер деп аталатын қарапайым тізбектер туралы толық ақпарат берілді. Сабақ барысында студенттің  ойлау қабілетін дамытып, оқып жатқан мамандықтарына қызығушылықтарын арттыру мақсатында түрлі ойындар ұйымдастырылды. Сабақ соңында  тақырып бойынша сұрақтар қойылып, оқытушы студенттерді бағалады.