Главная Новости ҚазИТУ-да бәсекелік қабілетті арттыруға мүмкіндік зор
03 июль, 2017                  318620
ҚазИТУ-да бәсекелік қабілетті арттыруға мүмкіндік зор
Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті ректор Н.Темірбеков басшылығымен 2016-2017 оқу жылында үлкен жетістіктермен қорытындылады. Бақылау кеңесімен мақұлданған университет дамуының 2016-2019 жж. арналған Даму стратегиясындағы белгіленген басты бағыт-бағдар бойынша университет ұжымы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара еңбектеніп келеді.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлан Назарбаев «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжатында: «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт XXI ғасырға лйықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында», деген болатын.

2016-2017 оқу жылында университет студенттеріне ағылшын тілін меңгеруді жетілдіру бойынша кешенді жұмыстар ұйымдастырылды. Әлеуметтік-гуманитарлық кафедра Ағылшын тілі клубы жұмысы аясында студенттердің қатысуымен кездесулер, кештер және «Ромео және Джулетта» қойылымынан үзінді дайындады.

Сонымен қатар университет білім алушылардың сабақтан бос уақытын тиімді ұйымдастыру жоспарына сай ағылшын тілі курстарын ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды. Курсты білікті оқытушы Нұрсейтов Мерей жүргізді.

Төмендегі тізімдегі студенттеріміз курсты кезең-кезеңімен өтіп, жемісті аяқтады. Курсты жетістікпен аяқтаған студенттерімізге ҚазИТУ-дың проректоры Гульнар Сарсенбекова 2017 ж. 15 маусымында сертификаттарын салтанатты түрде табыс етті.

1. Elementary (2016 ж. ақпан- маусым), Pre-intermediate (2016 ж. қыркүйек-желтоқсан), Intermediate (2017 ақпан-маусым)
Бурашев Санжар, Байтугел Алтынай, Гарифуллаева Айзада, Максат Шлембаев, Сагимова Асем, Шынар Урынбаева.

2. Beginner (2017 ж. Ақпан-маусым)
Акбота Хамитова, Айдын Налибай, Жазира Шегебаева, Нурсая Уланбатыркызы, Арайлым Омирова, Мадина Барат, Мадина Ислам Гибратова Данагул, Ляззат Кожыбай.

3. Elementary (2017 ж. Ақпан-Маусым)
Нурбек Токтагулов, Назерке Койман, Айгерим Сарсенбинова Баян Ерланкызы, Қамар Мырзағали