Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры ҚазИТУ білім-ғылым-инновация үштігін негізге алып келеді
22 сәуір 2022                  319008
ҚазИТУ білім-ғылым-инновация үштігін негізге алып келеді

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті  білім беру бағдарламалары бойынша маман дайындауда ғылыми-зерттеу институттарымен байланысты күшейтті

21-сәуірде  ҚазИТУ ректоры Г. Сәрсенбекова «Микробиология және вирусология ғылыми- өндірістік орталығының» бас директоры А. Садановпен,   «Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» басқармасының төрағасы Т. Айтбаевпен дөңгелек үстел басында бірлесе маман дайындау мәселесі бойынша пікірлесті. Білім-ғылым-инновация үштігі негізінде дайындау, бірлескен лабораториялар мен ғылымдағы жетіп жатқан жетістіктерді оқу процесіне енгізудің  маңыздылығы сөз болды.  Университетіміздегі білім беру мәселесіне қызығушылық танытатын тараптардың сенімдері мен талап-тілектері бізді алға ұмтылдырады. Жаһандану жағдайы, бәсекелестіктің күшеюі  ҚазИТУдың миссиясы, құрылымы және білім беру бағдарламаларының  да сапалық өзгерістердің орын алуына себепші болады.   

Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми-зерттеу институты, Қазақ жеміс-көкөніс шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ егіншілік және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты, Қазақ қайта өңдеу және тағам өнеркәсіптері ғылыми-зерттеу институы, Микробиология және вирусология ғылыми- өндірістік орталығымен келісім-шартқа қол қойып, жемісті жұмыс жасауда.