Главная Кафедры Экономика және бизнес Новости кафедры ҚазИТУ білім беруші ретінде - адам капиталын қалыптастырудың көзі
19 сәуір 2022                  318919
ҚазИТУ білім беруші ретінде - адам капиталын қалыптастырудың көзі

Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде көпфункционалды дағдылар қазірдің өзінде ішінара жоғары білім арқылы  беріледі. Білім беру үрдістері оқыту мен тәрбиелеудің жаңа әдістерімен нығайтылып келеді. ҚазИТУ-да 39 жастардың қызығушылығы бойынша клубтар жұмыс жасайды. Олардың бағыттары: шығармашылық, кәсіби мамндығына бағытталған, спорттық және үш тілдегі дебат орталықтары. Студенттердің әлеуметтенуі мен жұмсақ дағдыларын қалыптастыруда Жастар ұйымдары комитеті мен Студенттер үйінің өзін-өзі басқару институтының орны ерекше. Университетте бос орындарға студенттерді жұмысқа алу үрдісі қалыптасқан. Жыл көлемінде студенттер оператор, CALL орталық қызметкері болып жұмыс жасаса, болашақ мамандығы бойынша ақпараттандыружәне  жастар саясаты департаментінде, офис-регистраторда, «Мансап» бөлімінде маман болып еңбек етеді. Студенттер ұйымдастыруымен университетте дәстүрлі кештер. Жиындар, кездесулер өткізіліп келеді. Арнайы пікіралмасу орталықтарында мамандықтарының болашағы, білім беру бағдарламаларындағы өзгерістер, жұмыс берушілермен кездесулер, қос диломдық бағдарламалар бойынша шетел жоғары оқу орындарында білім алу, т.б. өзекті тақырыптарды  көтеріп, ұсыныс-тілектерін ортаға салуда.  Арманға қол жеткізу әрбір басқан қадамы мен жоспарлы мақсатта.