Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры ҚазИТУ Білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі артты
7 сәуір 2022                  318815
ҚазИТУ Білім беру бағдарламаларының бәсекеге қабілеттілігі артты

ҚазИТУ үнемі  білім беру мәселесіне қызығушылық танытатын білімалушылар, ата-аналар, жұмысберушілер, әріптестер, т.б.  талап-тілектерін ескеріп,  алға ұмтылады. Жаһандану жағдайында дамыған қоғам білім беруге үлкен көңіл бөледі. Қоғам мен экономика білім төңірегіне топтасады. Сыни және шығармашылық ойлауды дамытуға мүмкіндік беретін білім берудің жаңа тәсілдері кеңінен енгізілуі құптарлық.

Қазақстан инженерлік-технологиялық универсиететінде «Бизнес кейстер» тақырыбында семинар өтті. Семинарға студенттер, оқытушылар мен магистранттар, 200-ден астам адам қатысты. Ұйымдастырушылар Harvard Business School мысалында бизнес кейстер ұсынды. Бизнс кейс бұл 100 процент практика. Бұл әлемдік компаниялар тәжірибесі.

 

ҚазИТУ әлемдік топ жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларына енген курстарды оқуды кеңінен тәжірибеге енгізуде. Наурыз айында оқытушылар мен студенттер California Irvine «Foundations of Management» курсын аяқтап, аталмыш шетелдік оқу орнының сертификатын алды. Аталмыш курс аясында бәсекеге қабілеттілікті арттыру, адами ресурстарды басқару, стартегиялық шешімдер қабылдау, әлеуметтік жауапкершілік пен этика, т.б. әдістерімен танысты