Главная Новости Ақ жол саған – ҚазИТУ түлегі – 2017!
04 июль, 2017                  318692
Ақ жол саған – ҚазИТУ түлегі – 2017!
Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде 2017 ж. 28 маусымында дәстүрлі «ҚазИТУ түлегі-2017» II фестивалі өтті. Фестивальға ата-аналар, қонақтар, оқытушылар және 2016-2017 оқу жылының түлектері қатысты.

Салтанатты ҚазИТУ ректоры, профессор Нұрлан Мұқанұлы Темірбеков құттықтау сөзбен ашты. Ректор сөзінде: «Биылғы фестивальға ұжым үлкен жетістіктермен келді. Соның ішінде биылғы түлектердің де қосқан үлесі зор. Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті Білім беру сапасын қамтамасыз етуде 2016 ж. желтоқсан айында тәуелсіз Қазақстандық агенттігімен (НКАОКО) институционалды аккредиттеуден өтті. Ал 2017 жылы Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз Қазақстандық агенттігінің аккредиттеу кеңесінің шешімімен 15 білім беру бағдарламасының мамандандырылған аккредиттеуден өткені жөнінде куәлігі берілді», деп атап өтті. Түлектерді құттықтап, университет пен колледжді үздік аяқтаған студенттерге дипломдарын табыс етті.

Келесі кезекте мамандықтар бойынша түлектерге дипломдарын университет проректоры Г. Сәрсенбекова, проректор міндетін атқарушы З. Тукенова, департамент директоры Р. Қарибжанова, декан З. Матаева және кафедра меңгерушілері: Қ. Қаржаубаев, М. Жоламанова, Л. Атагельдиева және кафедра меңгерушісінің орынбсары А. Айжанова, т.б. салтанатты түрде табыс етті.

Колледж түлектеріне дипломдарын ҚазИТУ колледжінің директоры М. Шалабаева табыстады.

Фестиваль тосын сыйға толы болды. Мерекенің сәнін «Түлектер вальсы» кіргізді. Әсем әнмен жалғасқан шара соңында түлектер атынан сөз алған ғылыми олимпиадалар жеңімпазы Т. Назарбаев, Президенттік шәкіртақы иегері Ж. Тұрсынбаева, т.б. үздіктер білім ордасына, ұстаздарына ыстық ықыластарын жеткізді.

Фестиваль соңы отшашу, фотоға түсу, мерекелік фуршетпен жалғасын тапты.

ҚазИТУ түлектеріне жарқын болашақ, биік самғау, бақыт, махаббат, ақ жол тілейміз! Қанаттарыңыз талмасын!