Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студенті А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда марапатталды
4 сәуір 2022                  318877
ҚазИТУ студенті А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференцияда марапатталды

2022 жылдың 31 наурызында Алматы ҚазЕжӘҚ Академиясында қоғам және мемлекет қайраткері, көрнекті түркітанушы А. Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына арналған "Қазіргі әлемдегі ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелері және А. Байтұрсынұлының ғылыми мұрасы" атты Халықаралық ғылыми-әдістемелік конференция өтті. Бұл конференцияда ф.ғ.к., қ.профессор  Ж.А.Тукебаеваның жетекшілігімен  КаИТУ-дың 1 курс студенті Ақылтай Нарбек "Қазақ, орыс және ағылшын тілдерін оқуда өзін-өзі тану және Қазақстандағы бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде" тақырыбында қызықты да, мәнді баяндама жасады. Ақылтай Нарбек сертификатпен марапатталып, оның баяндама мәтіні "Конференция жинағында"жариялануына ұсынылды.