Главная Кафедры Тағам өндірісінің техникасы және технологиясы Новости кафедры "Технология, жабдықтар және стандарттау " кафедрасында "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы"АҚ АФ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті
29 сәуір 2022                  318957
"Технология, жабдықтар және стандарттау " кафедрасында "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы"АҚ АФ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті

28 сәуірде Қазақстан инженерлік-технологиялық университетінде "Стандарттау және сертификаттау»  білім беру бағдарламасы бойынша жоғары курстарда білім алушыларды кәсіби сертификаттауға дайындау мүмкіндігі" тақырыбы аясында дөңгелек үстел өтті.. Жиынға оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Д. Б. Ақпанбетов, академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры А. Ж. Жеңісова, Ұлттық МӘСҚ АҚ АФ Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің бастығы М.С. Анесов, , кафедра меңгерушісінің міндетін атқарушы А. М. Отыншиева, сонымен қатар  Өнеркәсіп өнімдерінің және ет өнімдерінің сәйкестігін растау бөлімінің маманы А.С.Кубеева,  "Стандарттау және сертификаттау"білім беру бағдарламасы бойынша кафедраның оқытушылық-профессорлық  құрамы қатысты.

Оқу және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Д.Б.Ақпанбетов шараның ашылу салтанатында құттықтау сөз сөйлеп, іс-шаралар жоспарымен студенттерді кәсіби сертификаттауды жүргізу мүмкіндігі туралы таныстырды. Аталған мәселе бойынша  Менеджмент жүйелерінің сәйкестігін растау бөлімінің бастығы М.С. Әнесов пікір білдірді . Оның айтуынша, "Стандарттау және сертификаттау" білім беру бағдарламасы бойынша студенттерге кәсіби сертификаттау жүргізу оңай емес және маман үшін 5 жылдан астам минималды тәжірибені қажет етеді. Сондай-ақ, тамақ , өнеркәсіп өнімдері мен қызметтерінің сәйкестігін растау бөлімінің маманы А. Сангельдинова, студенттерге оқу және өндірістік практика үшін кәсіби сертификаттаудың теориялық курсына енгізуге болатындығын атап өтті. 2020 жылдың екінші жартысынан бастап Білім және ғылым министрлігі желісі бойынша оқытушыларға, мектептерге, колледждар  мен ЖОО-ларға аттестаттау және сертификаттау жүргізіліп жатқанын айтты. Бітіруші курс студенттерін сертификаттау оңай емес, бұл жаңалық мүмкін бе, жоқ па, соны нақтылау қажеттілігін атап өтті.Университет проректоры "Ұлттық сараптама және сертификаттау орталығы" АҚ АФ қызметкерлеріне дөңгелек үстелге белсенді қатысып, тың ойларымен бөліскені шін алғыс білдірді.