Главная Кафедры Компьютерлік, автоматтандырылған және телекоммуникациялық жүйелер инженериясы Новости кафедры "Python тілінде бағдарламалау" тақырыбында ашық сабақ өтті
27 сәуір 2022                  318997
"Python тілінде бағдарламалау" тақырыбында ашық сабақ өтті

22 сәуірде "Есептеу техникасы, автоматтандыру және телекоммуникациялар" кафедрасының лекторы М.С. Әлиасқар,  "Компьютерлік жүйелер" пәні бойынша ашық сабақ өткізді. Дәрістің тақырыбы "Python тілінде бағдарламалау" болды. Ашық сабаққа кафедра меңгерушісі А. Т. Бектемесов, дәріскер Л.К. Демеубаева қатысты. Студенттер сабақты мұқият тыңдап, тақырып аясында түрлі сұрақтарды талқылады.Сабақ барысы практикалық жұмыс түрінде жалғасты. Дәріскер М.С. Әлиасқар тақырыпты түсіндіргеннен кейін Python тілінде құрылған бағдарламаның көмегімен дербес компьютердің аппараттық бөлігін қалай баптау керектігін іс жүзінде көрсетті.