Главная Кафедры Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер және әлем тілдері Новости кафедры ҚазИТУ студенттері белгілі ғалым Серік Әжіғалиұлымен кездесті
5 мамыр 2022                  319125
ҚазИТУ студенттері белгілі ғалым Серік Әжіғалиұлымен кездесті

2022 жылы 5 мамыра Әлеуметтік- гуманитарлық пәндер кафедрасы, Қазақстан инженерлік-технологиялық университеті мен  Ш.Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты арасындағы келісім-шартқа сәйкес, көрнекті зерттеуші ғалым, тарих ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық Шығыс сәулет академиясының корреспондент мүшесі Ажигали Серік Ескендірұлымен  "Арал-Каспий аймағының көрнекті ескерткіштері" тақырыбында кездесу өткізілді. Кездесу барысында аймақтағы та­рихи-мәдени мұраларды сақтап қалу және пайдалану мәселелері кеңінен талқыланды.

 

Жиында С.Е.Әжіғали өзінің "Генезис традиционной погребально-культовой архитектуры Западного Казахстана" атты еңбегімен таныстырып, мемориалдық-діни сәулет өнерінің шағын пішіндері: құлпытас, қойтас, сандықтас туралы баяндады.Кедесуге қатысқан студенттер керемет әсер болып, түрлі сұрақтарға жауап алды.